Модем деген не? Роутер деген не? Маршрутизатор деген не?
Модем деген не? Модем ол интернетке қосылатын құрал. Қазақстанда неше түрлі байланыс операторлары бар, олар интернетті жан жаққа таратып жатыр, сол сигналға қосылып интернетті жалғайтын құрал модем деп аталады. Телевизорда антенна бар емес пе, ол антенна теледидар сигналын ұстап телевизорға жеткізеді. Модем де дәл солай интернет сигналын ұстап сіздің девайсынызға жеткізеді.
Модем бір девайсты ғана интернетке қоса алады. Баяғыда интернет көбіне сым арқылы тараған. Және үйде бір ғана интернетке қосылатын компьютер бар еді. Соған арнап модем жасаған.
Роутер деген не?
Устап алынған сигналды үй ішінде таратуға болады, Wi-Fi желісін құрып. Оны жасайтын құрал роутер деп аталады. Сонымен роутер ол интернетті бөлме не үй ішінде сымсыз тарату үшін керек:

Роутер үй ішінде көп девайс бар болған пайдаланады. Мысалы біреуде компьютер, тағы біреуде планшет бар болса екі девайсқа роутер керек. Вайфай желісін құру үшін. Қазір үйде бес адам болса бес телефон бар болатын шығар. Демек бес девайсқа интернет керек.
Маршрутизатор деген не?
Маршрутизатор ол роутердің орысша атауы. Маршрутизаторлар интернет сигналын ұстап Wi-Fi желісін құру үшін керек құралдар. Мысалы сіз бір кафеге барсаңыз ол жерле вайфай бар болуы мүмкін. Оны роутер арқылы жасайды. Бір кафе аумағында интернет сигналы бар болады.
Қазіргі заманауи смартфондар өздері вайфай желісін құра алады.