Лендинг деген не? Landing Page деген не?
Лендинг деген не? Лендинг дегеніміз тауар сатып алуға не өзге әрекет істеуге итермелейтін сайт. Лендинг әдетте ұзын болады. Себебі әрбір тауар не қызметтің тиімді тұстарын баяндау үшін көп мағлұмат керек.
Мысалы біздің веб студия жасаған мына сайтты қараңыз:
Байқасаңыз осы сайтта Чехия елінде оқу жайлы баяндалған. Не себепті бұл елге бару керек? Оқыған студенттер не дейді? Пайдалы тұстары қандай? Және басқа сұрақтарға жауап береді. Ата-ата осыны көріп өз балаларын Чехияға жіберсем бе деп ойлап қалады.
Сонымен Landing Page деген не? Лендинг тауарды не қызметті сатуға итермелейтін сайт. Бұның тым ұзын болуы шарт емес. Тек, «Сатып ал 20% жеңілдікпен», «Бүгін сайтқа тіркел», «Бізге жаз» және басқа адамды әрекет жасауға итермелейтін дүниелері бар сайт.
Лендингте бір не бірнеше тауар ғана жарнамаланады. Және осы тауардың барлық тиімді тұстары баяндалады.
Компания, осындай сайттың арқасында өз пайдасын арттыруды көздейді. Тауар сатылымын кеңейтуді көздейді.
Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.