Фейк деген не? Фейк адам деген кім? Контрафакт деген не?

Контрафакт деген не? Контрафакт деп жалған, оригинал емес тауарды атайды. Мысалы Apple компаниясы шығарған қымбат айфон бар. Оның бағасы бір не одан да көп мың доллар. Ал сонымен қатар қытайлық, құны бар жоғы жүз доллардай айфондар да бар. Контрафакт тауарлар әдетте сапасыз болады. Себебі олардың мақсаты пайда табу. Шың тауардан арзандау бағамен сатып ақша табу. Сапалы болуы үшін оригиналдай жасалуы керек. Демек көп ақша жұмсалуы қажет. Алаяқтар пайдадан қағылады.

Контрафакт тауарлар Қазақстанда көп. Шың мәнінде бізге келетін барша тауар оригиналды, сапалы деу қиын. Мысалы қымбат шампуньдің қабын алып оған арзан шампуньді құя салады. Не гуччи, долче габана сияқты брендтердің сөмкелерін арзаны, қытайлық контрафактпен алмастыра салады.

Фейк деген не?

Фейк деп шыңдыққа сай келмейтін ақпаратты атаймыз. Мысалы қызылшаға екпе зиянды деген мақалалар интернетте көп сайт ішінде бар. Ол вакцина адамға зиянды, оның бедеу болуына әкеп соғады деген жазбасы бар неше түрлі мақалалар интернетте тараған. Оның дәлелі қандай? Кім соны зерттеді? Қай институт? Соны тексермей, аңқау қазақ сене қояды. Сенген соң вакцинадан бас тартады. Екпе алмаған соң ауруға шалдығады. Фейк дегеніміз осы.

Фейк деген не?

Фейк тексерілмеген, шыңдыққа сай келмейтін ақпарат. Жаңалықтан өзге бұндайға адамды, пәтерді, тауарды атауға болады. Мысалы интернетте неше түрлі адам бар. Көбі шың өмірде бар. Тексерсеңіз аты да заты да сай келеді. Сонымен қатар шың өмірде жоқ адамдардың профильдері фейсбук сияқты әлеуметтік желіде бар. Мысалы неше түрлі алаяқтар не бір бай инвесторды, не бір керемет сұлу қызды ойлап әлеуметтік жүйеге қосады.

Соның арқасында адамдарды алдайды. Жігіттер сұлу қыздың ажарына сүйсініп ақшадан айрылып қалады. Қыздар болса не бір «принцтің» айтқанына сеніп ақшадан қағылып қалады. Кейбірі тіпті кредит алып қарызға белшеден батады.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.