Краудфандинг деген не?
Краудфандинг деген не? Капиталистік нарықта қаржыландырудың неше түрлі жолдары бар болады. Соның бірі краудфандинг. Краудфандингте екі жақ бар болады. Біріншісі проекты бар бірақ қаржыға мұқтаж адам не компания — фаундер. Екіншісі осы қаржыны беретін адамдар не компаниялар бұларды инвестор не бэкер деп атайды.
Қысқасы фаундер бір проект жасайды. Мысалы жазушы кітап жазады. Кітапты баспадан басу үшін қомақты сомма керек. Бір адамнан табылмайтын зор, үлкен сомма. Оның оқырмандары бірігіп ақша жинап кітапты басып шығара алады. Әрбір адам берген ақшасына қарай кітап алады. Кім көп берсе сол көп кітап алады. Аз бергені аз алады.
Краудфандингтің тағы бір мысалы мешіт салу. Көптеген ауылдарда мешітті салу үшін жамағат бірігіп ақша жинайды. Әрбір теңгесі есепке алынып. Бір жыл ма, екі жыл ма әйтеуір керекті қаржы жиналып мешіт салына бастайды. Ақша бергендер осы мешітке барып намаз оқи алады. Ата-бабаларына арнап дұға оқи алады. Қысқасы игілігін көреді.
Негізінен краудфандинг стартаптарды қаржыландыру үшін кеңінен пайдаланады. Шетелде көптеген стартаптар осындай жолмен ел қатарына қосылады.
Краудфандинг түрлері
Берілетін ақшаның жұмсалу жолына қарай краудфандингтің бірнеше түрін бөле аламыз. Соларды осында тізіп берейік.
Қайырымдылық мақсаттағы краудфандинг. Біреу ауырса, я болмаса өзге көмекке зәру болса. Мысалы зейнеткер үйсіз қалса оған бүткіл ауыл үй алу үшін ақша жинайды.
Сыйақысы бар краудфандинг. Мысалы шетелде ойын жасаушылар геймерлерден ақша жинап ойынды жасайды. Кейін ойын жарық көргенде ақша берген адам сыйақы алуы мүмкін. Мысалы ойындарда қолданылатын балдарды, токендерді. Жоғарыдағы жазушының мысалы осыған жата ма?
Қарыздық капиталды тартуға негізделген краудфандинг. Жоба жасалғанда болашақта жыл сайын пәленбай миллион, миллиард пайда әкеледі деген жоспарға негізделіп ақша тартылады. Әрбір салымшы пайданың бәленбай пайызын алады делінеді.
Акция беруге негізделген краудфандинг. Әрбір салымшы салған ақшасына қарай жобаның пәленбай үлесіне ие болады.
Краудфандинг платформалары
Мыңдаған, тіпті миллиондаған адамнан ақша жинау оңай іс емес. Соңдықтан интернетте онлайн краудфандинг платформалары бар. Негізінен сайт ретінде. Сіз тіркелесіз, кіресіз, карта арқылы қалаған проектке ақша жібересіз. Ақша жинау мерзімі аяқталғаннан кейін проект іске асырыла бастайды. Мешіт болса салына, кітап болса баспаға жіберіле, науқас болса емделе бастайды.
Қазақстандағы краудфандинг
Қазақстанда краудфандинг пәлендей дамып жатыр десек өтірік айтқандай боламыз. Енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан дүние емес пе!
Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.