Бенчмарк деген не? Өнімділік деген не?

Бенчмарк сөзі ағылшын тілінен тестілеу деп аударылады. Соған қарап мағынасын түсіну де қиын емес. Бенчмарк ол компьютерлік жүйенің шапшаңдылығын, қуатын көру үшін пайдаланылатын басқа бағдарлама. Мысалы құны 1 миллион тенге болатын компьютер не бір күрделі ойындарды оңай ақ ойната алады. Дота, не Котр Страйк сияқтыларын. Ал құны 100 мың тенге болатын компьютер ондай ойындарды ойнату түгіл қоса да алмайды. Әйтеуір, осы 2026 жылғы компьютерлер бағаларына қарап осыны айта аламыз.

Өнімділік деген не?

Әрбір компьютер не телефонның өнімділігі, қуаты бар болады. Ол оның жадына, дискіне тәуелді. Кейбір компьютерлер не бір үлкен, Фотошоп сияқты бағдарламаларды ойната алады. Ал кейбірі оны істей алмайды. Осы қасиеті өнімділік деп аталады. Компьютердің бағдарламаларды ойната алу қабілеті оның жадына, дискіне, процессорына тәуелді.

Өнімділік неғұрлым жоғары болса соғұрлым компьютер күрделі бағдарламаларды тезірек, шапшаң ойната алады. Былайша айтсақ өнімділік ол қуат сияқты. Ірі жүк көлігі мен шағын мопед қалайша өзгеше болса, солайша арзан компьютер мен макбук өзгеше болады.

Бенчмарк деген не?

Өнімділікті аңықтау үшін бенчмарк пайдаланады. Былайша айтсақ бенчмарк ол ҰБТ сияқты. ҰБТ оқушының білімін қалайша аңықтаса бенчмарк та компьютердің өнімділігін аңықтайды.

Сайт жасағанда біз бенчмарк жасаймыз. Ол сайттын жүктелу жылдамдығы арқылы көрінеді. Егер лендинг не сайттын басқа түрі 1-2 секунд ішінде жүктелсе ол сапалы жасалған деп табылады. Кейбір шаблондар бар, олар баяу жүктеледі. 10-25 секунд ішінде жүктелетін сайттар да бар. Ондайда сайт бенчмартан өтпеді деп атайды. Жаман баға алған оқушы сияқты, гуглдың оған көзқарасы теріс болады. Ондай сайттар гуглда жоғары орынға шықпайды.

Последние записи