Штрих код деген не? Сканер деген не? Сканерлеу деген не?

Сканер деген не? Супермаркеттегі кассада сатушы әрбір тауарды арнайы құрылғыға жақындатып өткізеді:

Сканер деген не?

Ол жерде тауар суретке түсіп экранда оның құны пайда болады. Демек осындай құрылғы көмегімен тауарды аңықтайды. Штрих кодты оқып. Сканер дегеніміз осы. Ол затты түсіріп сол суретті өндей алатын құрылғы. Оның цифрлық бейнесін жасайтын аспап. Суретті талдай алатын құрылғы.

Сканерлеу деген не?

Сканерлеу ол затты сканермен түсіру. Оның цифрлық көшірмесін жасау. Кеңселерде әдетте құжаттарды сканерлейтің мынандай сканерлер тұрады:

Сканерлеу деген не?

Оның ішіне қағазды саласыз. Жауып старт деген кнопканы басасыз. Соның нәтижесінде құжаттың цифрлық көшірмесі пайда болады. Мысалы PDF форматында. Қазақстанда осындай сканерлер көптеген компанияларда бар. Маңызды деген құжаттардың онлайн, цифрлық көшірмелерін жасап жатыр. Оларды арнайы сайт ішіне сақтап.

Штрих код деген не?

Қазіргі заманда неше миллион, тіпті неше миллиард тауар бар шығар. Әрқайсысының өзіне тән құрамы, пайдалану жолы, сатып алушыға әкелетін игілігі әрқилы. Неше түрлі компания неше түрлі тауар өндіреді. Елге сатады. Соларды бірінен бірін ажырату үшін алдымен атын пайдаланған. Мысалы нан, қант, шай, май дегендей. Кейін неше түрлі тауар өндіруші пайда болып тауар саны тым көп бола қалды. Қазіргі таңда ірі интернет дүкендерде миллиондаған тауар бар.

Мысалы ұн дегеннің неше түрі бар. Ақмола ұны, Қостанай ұны, Шымкент ұны. Және сол өңірлердің әрқайсысында ондаған наубайханасы бар. Демек ұн да әрқилы. Сондықтан тауарды атымен сипаттау мүмкін болмай қалды. Тауарды сипаттау үшін арнайы кодты шығарды. Ол дүкенде сатылатын әрбір тауарда бар. Түрі мынандай:

Штрих код

Әдетте тауардың сәнді қабында жазылады. Целофан не пакет бетінде. Сіз тауарды сатып алғыныз келсе соны кассаға апарасыз. Не сатушыдан сұрайсыз. Ол осы тауарды алып арнайы қосымшамен оқиды. Фотоға түсіргендей оны арнайы қосымшасы бар сканер оқиды.

Штрих код тауармен қоса басқа заттарда да қойылуы мүмкін. Мысалы миллиондаған экспонаттары бар музейде құнды жәдігерлер осындай кодқа ие. Суреттер, аспаптар, бағалы алтың әшекейлер, киім, тарихи құжаттар осындай штрих кодқа ие бола жатады. Оны өзіне болмаса да қабына, қорабына жабыстырады.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.