Бэкап деген не? Резервтік көшірмесі
Бэкап деген не? Бэкап бұл компьютердегі файлдарды өзге жерде сақтау. Әдетте бұны сайттарға қатысты қолданады, мысалы сайттың барлық файлдарын сақтау керек болса бэкап жасалады дейді.
Хостингте сайт орналасқан жер бар, оған қоса сайттың файлдарын сақтайтын басқа орын да бар бұны бэкап дейді. Ертең сайтты біреу жойып жіберсе не сіз өзіңіз байқамай оңы жойсаңыз бэкаптан алып қайта орнына келтіре аласыз. Яғни бекап бұл файлдардың сақталған көшірмесі.
Бэкап жайлы сіз хостингтен сұраңыз. Кейбір компанияларда бэкапты күн сайын жасайды, ал кейбір компанияларда апта сайын. Оған қоса сіз өзіңіз де бекапты жасай аласыз. Бұл хостингке байланысты. Бұл мәліметті хостинг операторларынан сұраңыз.
Резервтік көшірмесі бар хостинтер Қазақстанда өте көп. Барлық хостинг компанияларында бұндай қызмет бар. Ескерту: әрбір бекап хостинте орын алатындықтан бұларды көп жамасауға тырысыңыз.
Хостинтегі бэкаптан басқа ұялы телефонның бекапы бар. Бұның мағынасы хостинтен аумайды, яғни файлдарды жеке сақтайтың орын. Компьютерлердегі мағынасы да осыған сай.
Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.