Блокчейн деген не? Биткойн деген не?
Қазақтын сан мың ғасырлық тарихында қаншама ру, тайпа, ел мен мемлекет бар болғанмен олардың бәрі шежіреде бар. Шежіре әкіматта не министрлікте орналасқан дерек емес, кітап не тарихи жазба да емес, ол ел құрған және ел ішінде бар жүйеКімнің кімнен тарағаның, қай батыр қай рудан екенің бәріміз білеміз. Шежіре бір алып ағаш, тал сияқты:

Блокчейн шежіреге ұқсайды
Әрбір ауылда, әрбір әулет не отбасында шежірені білетін аталар бар. Демек ел шежіресі бір ғана жерде емес, сан мың жерде, қаншама миллион қария мен білімділердің жадында сақталған.
Блокчейн деген не?
Блокчейн осы шежіреге ұқсас жүйе. Әлемде блокчейн желісі бар. Ол шежірені білетін қариялар сияқты. Сіз бір тірлік істесеңіз, мысалы биткойнға зат сатып алсаңыз блокчейнде жазба пайда болады. Және ол жазба бүткіл желі бойынша тарайды. Шежіреде де солай. Жаңа пайда болған әрбір қазақ шежіреге қосылады. Және оны туыс пен руластары біле қояды. Демек ел көбейген сайын шежіреде пайда болатын адамдар саны артып отырады. Блокчейн жүйесінде де осындай жағдай орын тепкен.

Блокчейн деген не?
Блокчейн желісі арқылы ақпарат тарап отырады. Суреттегідей жан-жаққа тарай жатып. Демек бір компьютерді сындырып ол ақпаратты жоқ ете алмаймыз. Бұл үшін желіге қосылған барша компьютерлерді жою керек. Не бір керемет вируспен ішін бүлдіру керек. Ондай компьютерлер саны қаншама миллион не тіпті миллиард екенің ескерсек, осы компьютерлер жаһан бойынша таралып кеткенің білсек, бұндай тірлік бір адам не ұйымның қолынан келмейтінің түсінеміз.
Блокчейннің артықшылығы
Ал шежіресі жоқ елдерде тарих көбіне көне жазбаларда сақталады. Оны өзгерту оңай, жоғалту қиын емес. Батырдың тірлігін азайтып, патшаның атағын сарай тарихшылары көкке дейін көтере алады. Және көбіне солай болып тұр. Қазақ тарихында көбіне батыр жырланады. Мысалы Алпамыс батыр, Ер-Тарғын батыр, Ер-Қосай батыр, Қамбар батыр, Қырымның қырық батыры, Қобыланды батыр, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Шақшақ Жәнібек батыр және басқалары ел есінде. Осыларға арнап неше түрлі жыр мен дастан бар. Ал отырықшы елдерде өңкей патша не оның көмекшісі мадақталады.
Сондықтан шежіре жазба тарихтан қандай артық болса, блокчейн де жеке компьютерде жазылған деректен де соншама үстем. Қазіргі таңда осы блокчейн негізінде онлайн төлем жүйелері, онлайн ақша пайда болды.
Биткойн деген не?
Биткойн әлемде ең танымал блокчейн негізінде пайда болған ақша. Блокчейн жүйесі шифрлеу негізінде жұмыс істейтіндіктен, ол тудырған ақшаларды крипта дейді. Крипта дегеніміз ағылшынша шифрлеу деп аударылады. Әлемде ең танымал крипта ақшалар қатарына биткойн мен эфир жатады. Одан бөлек, «күнде пайда» болатын ақшалар аз емес.
Эфир деген не?
Эфир капитализациясы бойынша әлемде екінші орын алып отырған крипта ақша. Бір күні ол биткойнды асып кетуі мүмкін дейтіндер де бар. Басқа атауы эфириум.