Сайт жасау

Ерлердің ісі біте ме?

Беркініп садақ асынбай,

Біртіндеп жауды қашырмай,

Білтеліге доп салмай,

Қорамсаққа қол салмай,

Қозы жаурын оқ алмай,

Атқан оғы жоғалмай,

Балдағы алтын құрыш болат,

Балдағынан қанға боялмай,

Қасарысқан жауына

Қанды көбік жұтқызбай,

Халыққа теңтек атанбай,

Ерлердің ісі біте ме?

Махамбет Өтеміс-ұлы.