Мобильді қосымша деген не? iOS деген не? Андроид деген не?

Сіз ұялы телефон не планшет иесі болсаңыз соған неше түрлі бағдарлама орната аламыз. Мысалы әлеуметтік желіні (Instagram, Tiktok), мессенджерді (WhatsApp, Telegram), қызықты ойынды (Dota 2, Star Craft, FIFA, Mortal Combat), поштаны (Mail.ru, Hotmail, Gmail), видео чатты (Zoom) осының бәрі мобильді қосымша деп аталады. Бұларды смартфонда пайдалану үшін App Store не Google Play қосымшасына кіресіз де қалаған бағдарламаны жүктейсіз.

Сонымен мобильді қосымша деген не? Мобильді қосымша смартфон не планшетке орнатылатын бағдарлама. Қазіргі таңда смартфондар арасында ең көп таралған екі операциялық жүйе бар. Андроид пен iOS.

Мобилді қосымша деген не?

iOS деген не?

Apple деген корпорация бар. Сол корпорация iPhone деген смартфон және iPad деген планшет шығарады. Осы ұялы девайстарда iOS деген операциондық жүйесі пайдаланады. Демек iOS дегеніміз  айфонда пайдаланатын операциондық жүйе.

iOS жүйесінде мобильді қосымша жасау үшін Swift деген бағдарламалау тілін білу керек. Оған қоса xCode деген бағдарламаны компьютер не ноутбукке орнату керек. Өкінішке орай компьютер мен ноутбук Apple компаниясының өнімі болу керек. Кәдімгі Виндоус жүйесі жарамайды. Қымбат MacBook алу керек. Бірақ сіз Swift пен xCode меңгеріп алсаңыз қомақты жалақысы бар жұмысқа тез кіре аласыз. Бұндай мамандар қазіргі заманда зор сұранысқа ие.

Андроид деген не?

Смартфон жасаушылар арасында ең танымал операциондық жүйе Андроид боп табылады. Қымбат айфонға қарағанда арзандау самсунг, ксиоми, хуавейлер көп тараған.

Андроид операциондық жүйесінде мобильді қосымша жасау үшін котлин, скала не джава сияқты тілдерді білу керек. Бір жақсы жері бұлар мобильді қосымшалар әлемінен бөлек десктоп (компьютерлер) жүйелерінде де пайдаланады. Жалпы джава әлемдегі ең танымал тілдердің бірі.

Андроид жүйесіне арнап қосымша жасау үшін Android Studio бағдарламасын ноутбук не компьютерге орнату керек. Және кейін бағдарламалай бересіз.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.